★ Kazak alfabeti★
1. Аа - Аа
2. Ää - Әә
3. Bb - Бб
4. Cc - Шш
cece - шеше, cacıw - шашу, ceciw - шешу, carcı - шаршы, cömic - шөміш, cürcit - шүршіт
Ш-ның аллофоны боп табылатын Щ дыбысы қалай жазылады:
• бейімделген кірме сөздердегі Щ дыбысы қазақ тілінде - латындық C (cötki- щётка, böric - борщ)
• қазақтың төл сөздерінде Щ әрпі үш-ақ сөзде кездеседі: ащы, тұщы, кеще. Олардың латын әріптерімен дұрыс түрі - ascı, tuscı, kesce. Ш дыбысының айтылымдағы созылыңқылығына бола, ол сөздерді ашшы, тұшшы, кешше деп жазу бұрыс болар, себебі қазақ тілі заңдарына сәйкес геминация (қосарлы дыбыстар) құбылысы бола алмайды (сол себепті "ысты" және "ыстық" орнына "ыссы" деп қолдану қате).
Ш-ның аллофоны боп табылатын Ч дыбысы қалай жазылады:
• шетел сөздеріндегі Ч дыбысының дыбысталуын көрсету үшін - tc
• шетел сөздеріндегі Ч дыбысын жазғанда - латындық C (cek - чек, cek - чех, cat - чат, cart - чарт)
5. Dd - Дд
6. Ее - Ee, Ээ, көпшілік кірме сөздердегі Ии
el - ел, element - элемент, elektir - электр, elektorat - электорат, erik - ерік, Erik - Эрик, entropiya - энтропия, enjener - инженер, espan - испан, enternet - интернет
7. Gg - Гг мен Ғғ
agın - ағын, egin - егін, ugıw - ұғу, ügiw - үгу, sogıs - соғыс, sögis - сөгіс, tıgıw - тығу, tigiw - тігу, galakteka - галактика, got - гот, gaskon - гаскон, gaz - газ
G әрпі қай кезде Г боп оқылады:
• аббревиатураларда
• батыстық кірме сөздердe
• қазақ тілінің жіңішке төл сөздерінде
G әрпі қай кезде Ғ боп оқылады:
• қазақ тілінің жуан төл сөздерінде
8. Iı - Ыы
ık - ық, ıyık - ыйық
9. İi - Іі, кейбір кірме сөздердегі Ии
iyne - ине, iye - ие, Berlin - Берлин
И әрпі - қазақ тілінде /ıy/ және /iy/ сәйкестіктерін білдеретін дифтонг:
kıy - қи, kiy - ки, iy - и, mıy - ми, sıyrak - сирақ, siyrek - сирек, ıyık - иық, iyek - иек, zıya - зия
Бейімделген кірме сөздердегі И қазақ тілінде көбінесе Е-ге сәйкес, сирек - Ы не І-ге.
10. Jj - Жж, кірме сөздердегі Дж
jak - жақ, jek - жек, jık - жық, jik - жік, juk - жұқ, jük - жүк, jok - жоқ
Ж-ның аллофоны боп табылатын Дж дыбысы қалай жазылады:
• кірме сөздердегі Дж дыбысының дыбыстылауын көрсету үшін - dj
• бейімделген кірме сөздердегі Дж дыбысы қазақ тілінде - j (Jagernawıt - Джаггернаут, jet - джет, bilekjek - блэкджек, jekpot - джекпот, jeday - джедай)
11. Kk - Кк мен Ққ
kun - құн, kün - күн, kon - қон, kön - көн, kan - қан, ken - кен, kenet - кенет, kanat - қанат, Kanada - Канада
K әрпі қай кезде К боп оқылады:
• аббревиатураларда
• батыстық кірме сөздерде
• қазақ тілінің жіңішке төл сөздерінде
K әрпі қай кезде Қ боп оқылады:
• қазақ тілінің жуан төл сөздерінде
12. Ll - Лл
13. Mm - Мм
14. Nn - Нн
15. ŋ - ң
aŋ - аң, aŋız - аңыз, teŋ - тең, teŋiz - теңіз, oŋay - оңай, jaŋa - жаңа, jiŋicke - жіңішке, jeŋis - жеңіс
Ң дыбысы түркі тілдерінде Н + Г/Ғ және Н + К/Қ арқылы жасалған (теН + Гіз = теҢіз, теН + Гір = тәҢір), демек қосынды дыбыс. Дыбысталуы ағылшын тіліндегі ng-ге жақын. Бұл дыбыс өзбек латыншасында ng диграфы арқылы жазылады.
ŋ әрпі G мен K-ның алдында N-ға ауысады: jongar - жоңғар, tenge - теңге, kölenke - көлеңке, döngelek - дөңгелек, ängime - әңгіме, ankaw - аңқау, angal - аңғал, mängi - мәңгі, zangar - заңғар, sengir - сеңгір
аŋ + ga → anga
taŋ + gı → tangı
soŋ + gı → songı
sozılıŋ + kı → sozılınkı
Jahanger → Jäŋgir → Jängir
ŋ әрпі B-ның алдында М-ға ауысады: embek - еңбек, tembil - теңбіл, zembirek - зеңбірек, cember - шеңбер, jambır - жаңбыр, kambak - қаңбақ, tamba - таңба
ŋ әрпінен қазақ тілінде сөздер басталмайды.
16. Oo - Оо
Опционды түрде:
жуан кірме сөздердегі Уо, Уа, Во, Ва сәйкестіктері О-ға ауысады
17. Öö - Өө, сөз ортасындағы Ё, кірме сөздерде жіңішке дауыссыздар алдындағы О
köl - көл, Kölin - Cologne/Köln, költ - кольт, möl - моль (физ. шама), söl - соль (нота)
Опционды түрде:
жіңішке кірме сөздердегі Уо, Уа, Во, Ва сәйкестіктері Ö-ге ауысады
18. Pp - Пп
19. Rr - Рр
20. Ss - Сс
21. Tt - Тт
22. Uu - Ұұ, жуан кірме сөздердегі дауысты Уу
urdı - ұрды, urdu - урду, uran - ұран, uran - уран, urık - ұрық, Uruk - Урук, Urartu - Урарту, tur - тұр, tur - тур, bur - бұр, bur - бур, tabıw - табу, tabu - табу, tatıw - тату, tatu - тату, suwdan - судан, Sudan - Судан, Mulan - Мулан
23. Üü - Үү, жіңішке кірме сөздердегі дауысты Уу мен Юю
ün - үн, süret - сурет, süper - супер, Zürek - Zurich/Zürich, Münek - Munich/München, büs - бюст, lük - люк
24. Ww - дауыссыз У
uw - у, jetisiw - жетісу, Jetisuw - Жетісу, uwıt - уыт, uwıs - уыс, uwız - уыз, uwak - уақ, uwık - уық
Дауыссыз У әрпі бірбуынды сөздерде дайым жуан оқылады;
Дауыссыз У-дан қазақтың төл сөздері басталмайды;
Кірме сөздердегі У қазақ тілінде көбінесе О не Ө-ге сәйкес, сирек - Ұ не Ү-ге.
У әрпі қалай жазылады:
• бас буында - uw
• жуан сөздердің ортаңғы және соңғы буындарында дауыссыз дыбыстан соң келсе - ıw
• жіңішке сөздердің ортаңғы және соңғы буындарында дауыссыз дыбыстан соң келсе - iw
• дауысты дыбыстардың арасында - w
• батыстық кірме сөздерде - u.
Асылында, дауысты У мен дауыссыз У - бұл шартты атаулар. Себебі У әрпінің тұрақты әрі бастапқы формасы - дауыссыз үнді дыбыс.
25. Yy - Йй
uyıktaw - ұйықтау, ıya - иә , iye - ие
Қазақ тілінде сөз Й-дан бастала алмайды. Сол үшін "япурай", "япырмай" (бұлардың әлдеқашан "ойпырмай", "әупірім", "апырай" деген қазақыланған нұсқалары бар), "яғни", "яки", "я" деген сөздер қате боп табылады. Й дыбысының алдына протеза ретінде дауысты дыбыс қойылады не Й дыбысы Ж-ға ауысады (ящик → жәшік - jäcik)
26. Zz - Зз
---------------------------------
Қосымша әріптер тек әлі бейімделмеген кірме сөздерде қолданылады:
Vv - Вв, Ff - Фф, Hh - Хх, Һһ
Ц әрпі қалай жазылады:
• шетел сөздеріндегі Ц дыбысының дыбысталуын көрсету үшін - ts
• шетел (көбінесе неміс) сөздеріндегі Ц дыбысын жазғанда - z
• орыс тілінен енген кірме сөздерде - s (könsert - концерт, könserin - концерн, sirkil - циркуль, sirk - цирк, sement - цемент, marganes - марганец, sek - цех)
#latin #kazaktili #kazaktili #kazakgrammar #kazakgrammarnazi #kazakh #kazak #kazak #kazakhstan #kazakstan #kazakia #казаxский #қазақтілі #казаxскийязык